Ауыл шаруашылығына арналған жерлер мемлекет меншігінде қалуы керек - Мұхтар Тайжан

Қазақстан азаматтары үшін жер телімдерін тек қана жалға беру институты енгізіледі. Жаңа жүйе жекеменшікке беруді болдырмауға тиіс. Бастамашыл топтың бұл пікірін республикалық агрофорумда қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан жариялады. Сондай-ақ, бірыңғай аграрлық салықты белгілеуді, жерлерді жерсеріктік бақылауды заңдастыруды ұсынды. Ұсыныстарды форум сессиясына қатысушылар түгел қолдады. Жиынды қорытындылаған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Берік Бисенғалиев Жер кодексіне енгізілетін түзетулер кең ауқымды қоғамның қатысуымен сатылап жүзеге асырылатынын айтты.